Аймақтар • 01 Қазан, 2021

Алматы облысындағы жолдарға «Сергек» пен «Автоураган» орнатылады

508 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы – Бішкек, Алматы – Көкпек – Көктал – Қорғас, Алматы – Өскемен жолдарымен жүрген жүргізушілерді полиция электроника арқылы қадағалайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысындағы жолдарға «Сергек» пен «Автоураган» орнатылады

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы бөлімшесі директорының міндетін атқарушы Болатбек Айтбаев апат жиі болатын бөліктерге 130-ға жуық камера қоятын тіреу орнатыла бастағанын хабарлады.

Қауіпсіздікті арттыру үшін өңірдегі тас жолдарға шуыл жолсызығы, жарық бағандары, жол белгілері, стробоскоп, жарық шағылыстыратын құралдар мен күн батареясымен жұмыс істейтін катафот орнату жұмыстары жалғасады.