Қоғам • 01 Қазан, 2021

«Air Astana» авиаотын тапшылығына алаңдаулы

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Air Astana әуе компаниясы Қазақстандағы әуе жанармай өндірісінің айтарлықтай төмендеуіне алаңдаушылық білдіруде, деп жазады Egemen.kz.

«Air Astana» авиаотын тапшылығына алаңдаулы

Бұл туралы компанияның Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департаменті хабарлайды.

Департамент бұл әуе компаниясының отын қорының едәуір азаюына әкелгенін айтады. Осыған байланысты Air Astana үкіметке қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеу жұмыстарын кейінге қалдыру туралы үндеу жіберді, сондай-ақ кем дегенде импорттық жеткізу қалпына келгенше авиациялық керосин өндірісінің бұрынғы көлемдерін қайтаруды ұсынды. Компания мәліметінше, бұл шаралар қысқа мерзімді болашақта әуе қатынасының тұрақты жұмысы үшін маңызды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы ішкі нарықты жалпы көлемі 35000 тонна болатын авиакеросинмен қамтамасыз ету туралы хабарлады. Алайда, Air Аstana-ның қолданыстағы рейстерінің тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін ай сайын 30 мың тонна авиаотын қажет. Сонымен қатар Қазақстанда халықаралық рейстер біртіндеп қалпына келтірілуде және әуе компаниясы рейстерінің саны артып келеді», делінген мәліметте.