Парламент • 01 Қазан, 2021

Асқар Мамин Омбы облысының губернаторымен кездесті

661 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин РФ Омбы облысының губернаторы Александр Бурковпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асқар Мамин Омбы облысының губернаторымен кездесті

Кездесу барысында қос тарап сауда-экономика, өнеркәсіптік кооперация, АӨК, энергетика, транзиттік-көлік, туризм, мәдени-гуманитарлық салалардағы ҚР мен РФ шекара маңы ынтымақтастығының өзекті мәселелерін саралады.

Сондай-ақ, Ертіс трансшекаралық өзенінде кеме қатынасын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Павлодар мен Омбы қалалары арасындағы өзен бойынша жүк тасымалдау көлемін 2025 жылға қарай 4 есеге арттырып, жылына 1 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі кеме қатынасы шлюздеріне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары Ертіс өзені бойынша өтпелі кеме қатынасын ашып, келешекте ҚХР-мен мультимодальдық қатынастың ашылуына ықпал ететін болады.

Қазақстан - Омбы облысының ірі сауда-экономикалық серіктесі. 2021 жылғы қаңтар-шілде айларында тауар айналымы $192,3 млн құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 26,6%-ға жоғары.