Суретті түсірген – Бауыржан Жуасбаев
– ЕХРО-2020 DUBAI көрмесіне немерелерімді ертіп, арнайы келдім. Алғашқылардың бірі болып Қазақстан ұлттық павильонын аралап көрдік. Ұнады. Сыртқы келбеті алыстан көз тартады. Іші де мазмұнды өрнектелген. Тарихымыз, технологиялық табыстарымыз тегіс қамтылған. Бұйыртса басқа да елдердің павильонын аралап, салыстыратын боламыз, – деді Сара Смажанова.
Ол немерелерінің павильоннан жақсы әсер алғанын жеткізді.
– Технологияның, ғылымның жетістіктерін көріп сүйсіндік. Оларды Қазақстанның кең байтақ даласында қолдануға болады. Керемет емес пе?! Жалпы Қазақстанның дербес ел ретінде мұндай ауқымды шараларға қатысуы бізге қашанда мақтаныш сезімін сыйлайды. Төрткіл дүние тегіс бас қосатын ірі жиындардан Қазақстанның қалыс қалмауы Тәуелсіздігімізді бекемдей түседі. Еліміздің абыройы асқақтап, беделі өсе берсін! – деді С.Смажанова.
Дубай, Біріккен Араб Әмірліктері