Әлем • 01 Қазан, 2021

ЕХРО-2020 DUBAI: Ұлттық павильон жайлы шетелдіктер қандай пікірде?

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ЕХРО-2020 DUBAI көрмесінде салтанатты түрде ашылған Қазақстанның ұлттық павильонын тамашалаған шетелдіктердің пікірін сұрап көрдік, деп хабарлайды Egemen.kz.

ЕХРО-2020 DUBAI: Ұлттық павильон жайлы шетелдіктер қандай пікірде?

ЕХРО-2020 көрмесіндегі Бельгия секциясының бас комиссары Патрик Феркаутерен Дрибл өз ойымен бөлісті.

– ЕХРО-2020 көрмесінде Қазақстан павильонын ең алғашқылардың бірі болып аралап көру бұйырған екен. Павильон ұнады. Әсіресе көпшілік назарына ұсынылған технологиялық жетістіктер қызығушылық тудырды. Бельгия мен Қазақстан серіктес мемлекеттер. Сондықтан ЕХРО-2020 DUBAI көрмесінен кейін біздің байланысымыз одан әрі тереңдей түспек. Қазақстандықтарды Бельгияның павильонын тамашалауға шақырамын, – деді ол.

Жас жұбайлар Киара Хильдебранд пен Сами Сайе де біздің павильонның жұмысын жоғары бағалады.  

– Мен аустриялықпын. Жұбайым палестиндік азамат. Осы Дубайда туып-өскен. Бірінші болып Қазақстанның павильонын араладық. Жақсы әсер алдық. Жалпы, ЕХРО көрмесіне алғаш рет қатысып отырмын. Оқушы кезімде бұл шараға аса қызықпаппын. Қазақстан маған жақсы таныс. Ол жақта достарым бар. Бірақ әлі күнге дейін болған емеспін. Павильонда Қазақстанның тарихымен, дәстүрімен, табиғатымен таныстым. Табиғатын барып көру керек екен. Ерекше таң қалдырды, – деді Киара Хильдебранд.

 

 

Дубай, Біріккен Араб Әмірліктері