Әлем • 02 Қазан, 2021

Ресейде 336 жолаушысы бар пойыз жүк көлігімен соқтығысты

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Пенза облысы Лунин ауданындағы өткелде ішінде 336 жолаушысы бар пойыз жүк көлігімен соқтығысты, деп жазады Egemen.kz.

Ресейде 336 жолаушысы бар пойыз жүк көлігімен соқтығысты

Салдарынан локомотив пен үш вагон рельстен шығып кетті. Бұл туралы РИА Новости шұғыл қызмет өкілдеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Оқыс оқиға сенбі күні Гольцовка стансасының маңында сағат 5:40 шамасында болған.

«Дабыл жүйесімен жабдықталған теміржол өткелінде №116 жолаушылар пойызы мен жүк көлігі соқтығысып қалды. Пойызда 336 жолаушы, оның ішінде 34 бала болды. Салдарынан локомотив, үш вагон рельстен шығып кетті. Теміржол рельстері майысып қалды»,  делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ.