Экология • 02 Қазан, 2021

Маңғыстауға қоқиқаздар келіп жатыр

1163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында тағы да қоқиқаз видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауға қоқиқаздар келіп жатыр

Квадрокоптермен түсірілген бейнежазбаны жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаев жариялады. Оның айтуынша, жүздеген қызғылт қоқиқаз Маңғыстаудағы Қаракөлге келіп қонған. Олар қараша айының ортасына дейін осында мекендеуі керек. Одан кейін Иранға қарай ұшады.

Эко-белсенді Сәкен Ділдахметтің айтуынша, құстың бұл түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және әлемде оның 10-нан астам түрі кездеседі.

«Қоқиқаздар біздің елге Африка, Түрікменстан, Ауғанстан елдерінен ұшып келеді. Сәуір айында келіп, күн суытқанша (қыркүйек, қазан айларына дейін) болады. Қоқиқаздардың елордаға жақын жердегі негізгі мекені Қорғалжын қорығы, оларда сонда мекендеп, көбейеді. Мамандардың айтуынша, елімізге жыл сайын 100 мыңға жуық қоқиқаз ұшып келеді екен. Оның ішінде Ақмола, Қостанай, Жамбыл және Маңғыстау облысының аумағын мекендейді. Талдыкөлге келсек, мамандардың мәлімдеуінше, мұнда кіші және үлкен 100-ден астам құс мекендейді. Оның қатарында қоқиқаз, аққу, қаз, үйрек, шағала, бірқазан және тағы басқа құстар бар. Талдыкөлге келген бұл қоқиқаздың биылғы балапандары. Олар жылы жаққа ұшпас бұрын осындай көл мен көлшіктерге тоқтап, әл жинап, одан әрі ұшады», дейді Сәкен Ділдахмет.