Медицина • 02 Қазан, 2021

Ғалымдар коронавирусты екі есе жеңіл өткеруге мүмкіндік беретін дәрі ойлап тапты

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шетелдік ғалымдар коронавирусты екі есе жеңіл өткеруге мүмкіндік беретін дәрі ойлап тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғалымдар коронавирусты екі есе жеңіл өткеруге мүмкіндік беретін дәрі ойлап тапты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен серіктес ЮНИТЭЙД агенттігі «Молнупиравир» препаратының коронавируспен жеңіл және орташа деңгейде ауырғандардың ауруханаға жату қаупін 50 пайызға төмендетуге көмектесетіндігін растады.

«Молнупиравир» - вирустың ауыр асқынуын болдырмайтын тиімді және қолдануы оңай дәрі. Бұл бізге қауіпті дертке тосқауыл қою үшін қажет», деді агенттіктің бас директоры Филипп Данетон.

Оның айтуынша, препарат пандемиямен күрес стратегиясын түбегейлі өзгерте алады. Осы әдіспен емдеу аурудың ауыр жағдайларының санын едәуір азайтады және денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені жеңілдетеді.

«Халықтың табысы төмен және орташа елдерде дәрінің мүмкіндігінше көп адамға қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қабылдауға дайынбыз»,  деді Ф.Данетон.