Ауа райы • 02 Қазан, 2021

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорган қаласында түнде 3 қазанда 1-3 °С үсік күтіледі, деп жазады Egemen.kz.

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

Қостанай облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз күші облыстың солтүстік-батысында 15 м/с жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында тұман, көктайғақ болады деп болжануда. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысының батысында тұман, көктайғақ күтіледі.