БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 2 қазан күні болды. Сағат 16.02-де Гагарин көшесі 105/2-мекенжайында орналасқан төрт қабатты үйден өрт шыққаны жөнінде хабар түскен.
Тұрғын үйдің 26-пәтерінде асүйде жиһаз бен жеке заттар отқа оранды. Оқиға орнынан 9 адам шығарылды, оның төртеуі - балалар. Аталған пәтер иесі - әйел адам құтқарылды. Өрт департамент күшімен (7 қызметкер, 2 техника) 16.25-те сөндірілді.