Медицина • 03 Қазан, 2021

«QazVac» вакцинасы ҚМДБ-ның «Халал даму» ЖШС сертификатын алды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы – Бас муфтидің орынбасары, наиб мүфти, PhD, теолог Ершат Оңғаров коронавирусқа қарсы қазақстандық «QazVac» вакцинасына «Халал Даму» ЖШС сертификатын табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«QazVac» вакцинасы ҚМДБ-ның «Халал даму» ЖШС сертификатын алды

Бұдан бұрын «QMDB Halal» стандарты бойынша «QazVac» вакцинасын сертификаттау мақсатында ҚМДБ өкілдері: наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы; «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы; Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Абдуали және технолог, медициналық маман Айзат Сатаева институтта болып, «OtarBioPharm» биофарцевтикалық зауытында «QazVac» вакцинасын өндірудің технологиялық үдерісімен мұқият танысқан болатын.