Спорт • 03 Қазан, 2021

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» «Локомотивке» жол берді

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Локомотив» (Ярославль) командасымен өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» «Локомотивке» жол берді

Екі команда тартысты ойын өткізді. Биылғы турнирді сәтсіз бастағандықтан командалар енді әрбір кездесудде жеңіске жетуге тырысып келеді. Ойын барысында қазақстандық команда хоккейшілері қатарынан екі шайба соғып кетті. Оны Кёртис Валк 12, Якоб Берглунд 12 -минутта өзінің еншісіне жазды.

Одан кейін «Локомотив» сапынан Александр Полунин 14, Павел Кудрявцев 18-минутта мергендік танытып, таразы басын теңестірді. Екінші кезеңде 35-минутта Даррен Диц гол соғып, тағы да «Барысты» алға шығарды.

Десе де араға минут салмастан ресейлік Артур Каюмов көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Үшінші кезеңнің 52-минутында Александр Полунин тағы бір голдың авторы атанды. Осылайша «Барыс» қарсыласына 3:4 есебімен жол берді. Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейде мәскеулік «Динамодан» жеңіліп қалды. Енді «Барыс» 6 қазанда елордада Ресейдің «Авангард» командасын қабылдайды.