Қоғам • 04 Қазан, 2021

Кафеде көңіл көтерген екі шенеунік қызметінен қуылды

778 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мекеменің даяшысы полиция шақыруға мәжбүр болған, деп жазады Egemen.kz.

Кафеде көңіл көтерген екі шенеунік қызметінен қуылды

Көрнекі сурет. Фото: tengrinews.kz

«Петропавловск News» жазуынша, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары Сергей Калякин (ол сондай-ақ Әдеп жөніндегі кеңестің уәкілетті өкілі) және сол комитеттің Есіл аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Таңатар Айхожаев кафеде шу шығарып, ыдыс-аяқ сындырған. Медициналық сараптама олардың орташа дәрежеде алкогольдік мас күйде болғанын көрсетті. Шенеуніктер ветеринарлық шараларды жүргізу үшін іссапарға жіберілген.

Дереккөздің ақпаратына сүйенсек, әдеп жөніндегі кеңесте Сергей Калякиннің іс-әрекеті толықтай қаралмастан, жай ғана қызметінен босатылған. Сондықтан ол біраз уақыттан кейін қайтадан мемлекеттік қызметке орналаса алады. Ал Таңатар Айқожаевтың әрекеті кеңесте егжей-тегжейлі қаралған.

Кеңесте көпшілік Айхожаевты ақтауға тырысқан. Оны жұмыстан шығармай, қатаң сөгіс берумен шектелуді ұсынғандар қарасы қалың болған. Алайда Әдеп жөніндегі кеңес ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Есіл аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Таңатар Айхожаевты қызметінен босатуды ұсынды.