Қоғам • 04 Қазан, 2021

Қазақстанда тыйым салынған психотроптық препараттар тізімі көбейді

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Үкіметі ел аумағында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін бекіту туралы Қаулыға өзгеріс енгізді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда тыйым салынған психотроптық препараттар тізімі көбейді

Қаулыға сәйкес, медициналық мақсатта қолдануға тыйым салынған есірткі құралдары мен психотроптық заттардың тізіміндегі «Есірткі құралдары» бөліміне 74 нөмірлі «Митрагинин (9-метокси-коринантеидин)» қосылды.

«Психотроптық заттар» тарауына төмендегі препараттар енгізілді:

- Бутан қышқылының (ММВ-022) метилді эфирі 3-метил-2-(1-(пент-4-ен-1-ил)-1Н-индол-3-карбоксамидо)

- Бутан қышқылының (MDMB-4en-PINACA) метилді эфирі 3,3-диметил-2-(1-(пент-4-ен-1-ил)-1Н-индазол-3-карбоксамидо)

- Бутан қышқылының (MDMB-CHMCZCA) метилді эфирі 3,3-диметил-2- (9-(циклогексилметил)-9Н-карбазол-3- карбоксамидо)

- Бутан қышқылының (MDMB-3еn-BUTINACA) метилді эфирі 3,3-диметил-2-(1-(бут-3-ен-1-ил)-1Н-индазол-3-карбоксамидо)

- Бутан қышқылының метилді эфирі 3-метил-2-(1-метил-1H-пирроло[2,3-b]пиридин-3-карбоксамидо)

- N-бензил-1-метил-lH-пирроло[2,3-b]пиридин-3-карбоксамид

- N,1-дибензил-1H-индазол-3-карбоксамид

- N,1-дибутил-1H-индазол-3-карбоксамид

- Хинолин-8-ил-3-(пиперидин-1-ил-сульфанил) бензоат

- N-(1-адамантанил)-1-(4-фторбутил)-1Н-индазол-3-карбоксамид (4-Fluoro ABUTINACA)

Бақыланатын прекурсорлардың (есірткі мен психотроптық заттарды заңсыз өндіруде жиі қолданылатын химиялық және өсімдік заттары) тізімі мыналармен толықтырылды:

- N-ацетилантранилді қышқыл

- Изосафрол

- Лизергинді қышқыл

- 3,4-метилендиоксифенил-2-пропанон

- Норэфедрин

- Пиперональ

- Псевдоэфедрин

- Сафрол 1-фенил-2-пропанон

- Эргометрин

- Эрготамин

- Эфедрин

- Эфедра шөбі

Толықтырулар мен өзгертулердің толық тізімін ҚР Үкіметінң ресми сайтынан табуға болады.