Елбасы Жолдауында кәсіпкерлікке қашанда қолдау білдіру керектігін баса айтып келеді. Осыған орай, «Айқын» жобасының жүзеге асқанына көп уақыт өте қоймаса да, оның өміршеңдігі айқындала бастады. Бұл туралы Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитетінде осы ведомствоның басшысы Сәуле Мұхамедианқызы өткізген брифингте айтылды.
Сонымен қатар, онда ведомство басшысы аталған жобаның келесі кезеңінің де енгізілгені туралы ақпаратты жария етті. «Айқын» жобасының ерекшелігі сонда, азаматтар мен ұйымдар Интернет арқылы өз өтініштерінің қаралу барысын қадағалап отыра алады. Мәселен, олар құжаттың жылжуымен және ол жөнінде қабылданған шешіммен қатар қаралу мерзімінің бұзылу деректерін біле алады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мұндай мүмкіншілікке алғаш рет Көкшетау қаласының тұрғындары ие болған еді. Жұртшылық үшін тиімді екендігіне көз жеткен соң бұл жоба біртіндеп жүзеге асырыла бастады. Мысалы, 2012 жылдың шілдесінен бастап «Айқын» жобасы Астана қаласында орналасқан орталық мемлекеттік органдарға енгізілсе, 2013 жылдың сәуір айынан бастап Астана, Алматы және облыстық деңгейдегі әкімдіктерге берілген өтініштер үшін жұмыс істей бастады.
Енді үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап жоба қалалық әкімдіктер мен облыстық мәслихаттарға және облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдарға енгізілді. Жоба енгізілген осы өткен 1 ай ішінде ғана облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдар дербес нөмірлері бар 30 мыңнан астам талон берген екен.
Жобаның жұмыс тетігі өте қарапайым. Мемлекеттік органдарға өз қолымен өтініш тапсырған арыз беруші оны қабылдаған кеңсе қызметкерінен дербес 18 таңбалы нөмірі бар талон алады. Одан кейін осы нөмір арқылы мынадай амалдармен өтініштерінің қаралу барысы және нәтижесі туралы ақпарат ала алады:
-8 800-080-7777 (станциялық). 1414 (ұялы) нөмірлеріне хабарласып және операторға талон нөмірін айтып; 1012-ге талон нөмірімен СМС-хабарлама жіберіп (барлық байланыс операторына 15 теңгеден); Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің http//seryise.pravstat.kz сайтына кіріп, «Мемлекеттік органдарға өтініштер» бөлімін ашып, талон нөмірін таңдайды. Егер жоғарыда аталған тәртіп бұзылған жағдайда, Бас прокуратураның Call-орталығына 115 нөмірі арқылы хабарласуға болады. Ал Комитет пен оның аумақтық органдары қадағалаушы ретінде мемлекеттік органдарға берілген өтініштердің қаралу мерзіміне тұрақты түрде мониторинг жасап отырады.
Мысалы, осындай мониторинг нәтижесінде 2013 жылы мемлекеттік органдарда 13 556 өтінішті қарау мерзімінің бұзылғаны анықталып, олар бойынша 550 прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесінде 860 адам, оның ішінде өтініштерді қарау тәртібін бұзу бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша 590 адам, олардың ішінде 3-і сыбайлас жемқорлық үшін, 25-і әкімшілік жазаға тартылды. Сөйтіп, бұл жоба енгізілгеннен бері түскен өтініштерді қараған мемлекеттік қызметкерлердің тәртібі де едәуір жақсарды.
Мәселен, облыс әкімдіктері аппараттары мен оның құрылымдық бөлімшелерінде мерзімі кешеуілдеп қаралған өтініштер 48 пайызға, ал қайталама өтініштер саны 47 пайызға төмендеген. Алдағы 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл жобаға қалалық және аудандық буындағы мемлекеттік органдар қосылатын болады.
Азаматтардың өз өтініштерін көбіне пошта арқылы жіберуіне байланысты бүгінгі күні «Қазпошта» акционерлік қоғамымен өз хатын тапсырыс бойынша жіберген азаматтарға талон беру жайы келісілуде. Жалпы, «Айқын» жобасының енгізілуі сыбайлас жемқорлықты жоюға ықпал етіп қана қоймай, ондай әрекеттердің алғы шарттарының да алдын алып, азаматтардың конституциялық құқықтарын нақты қорғауды қамтамасыз етеді дейді.
Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

Ауа райы • Бүгін, 17:55
Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48