Оқиға • 04 Қазан, 2021

Кабулда ірі жарылыс болды

620 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 адам Ауғанстан астанасында болған жарылыстың құрбаны болды. Жарақат алғандар бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кабулда ірі жарылыс болды

Суретті түсірген Felipe Dana

Euronews басылымының хабарлауынша, оқиға жексенбі күні Кабул мешітінің бірінің жанында болды. Онда «Талибан» көшбасшыларының бірі анасының өліміне байланысты аза тұту рәсімін өткізіп жатқан.

Әзірге шабуыл үшін жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ. «Талибан» өкілдері үш күдіктіні ұстады. 

Бұл тамыз айының соңынан бері Кабулда болған ауқымды жарылыстан кейінгі ірі теракт болып отыр. 

«Талибан» қозғалысы бірнеше апта бұрын Ауғанстанда билікті басып алды, енді олар елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қабілеттілігін көрсетуі керек.