Қоғам • 04 Қазан, 2021

Полицейлер заңсыз жалға берілген пәтерлерді анықтады

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан полицейлері «Учаске» жедел алдын алу шарасы аясында 1,7 миллионға жуық пәтерді аралады. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полицейлер заңсыз жалға берілген пәтерлерді анықтады

«Қыркүйек айында «Учаске» жедел алдын алу шарасы аясында 1,7 миллионға жуық пәтер мен жеке үйлерді аралап, 130 мыңнан астам саяжайлар мен 33 мыңға жуық шаруа қожалықтары, қыстақтар мен учаскелер тексерілді. 29 мыңнан астам жалдамалы пәтер тексерілді, онда мемлекеттік кірістер органдарында тіркеусіз тұрғын үйді жалға берген 5 мыңға жуық факті анықталды», деді Нұрділдә Ораз министрлікте өткен брифингте.

Тұрғылықты жері бойынша 92 мыңнан астам азаматтық қару иелері тексерілген, нәтижесінде 1,2 мыңға жуық адамның азаматтық қару сақтау ережелерін бұзғаны анықталған.

 Алдын алу шарасы басталғалы полиция қызметкерлері 200 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың, оның ішінде 3,5 мың ұсақ бұзақылық фактісінің, тұрмыстағы 4,3 мың бұзушылықтың, 30 мыңнан астам көші-қон заңнамасының жолын кескен.