Әлем • 04 Қазан, 2021

Үндістан 15 қазаннан бастап туристер қабылдай бастамақ

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістан 15 қазаннан бастап халықаралық туристерді қабылдай бастамақ. Бұл туралы Үндістанның туризм министрі Шрипад Наик айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үндістан 15 қазаннан бастап туристер қабылдай бастамақ

«Вирустың таралу қарқынының төмендеуіне байланысты біз ішкі және шетелдік туризм үшін шекарамызды ашамыз.

Бұған қатысты 15 қазаннан кейін толық ақпарат беретін боламыз. Елде қазіргі кезде халықаралық рейстер ұшып жатыр. Біз белгілі бір күнге чартерлік рейстерді ұйымдастыру туралы ұсыныс жасадық. Осылайша, адамдар алдын ала Үндістанға сапарларын жоспарлай алады», деді Шрипад Наик тілшілерге.

Айта кетсек, туристердің көбі Үндістанның оңтүстік-батысындағы Гоа штатына келеді.