Әлем • 05 Қазан, 2021

Кения президенті ақша жымқырған

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік алғаннан бері ел саясатында үстем­дік етіп келген Кения президенті Ухуру Кеняттаның отбасы ондаған жыл бойы оффшорлық компаниялар желісіне жасырын иелік еткен.

Кения президенті ақша жымқырған

Құжаттарға сенсек, шамамен 12 миллион файл жоғалған. Бұл – тарихтағы ең үлкен жымқыру.

Кенятта мырза және оның отбасының алты мүшесі 13 оффшорлық компаниямен байланыста  болған. Олар бұл мәселеге қатысты сұрақтарға әлі жауап берген жоқ.

Кеняттаның оффшорлық инвестициялары, оның ішінде 30 миллион АҚШ доллар көлеміндегі акциясы мен облигациялары бар компаниясы туралы ақпарат Панама мен Вирджин аралдарындағы 14 заң фирмасы мен қызмет көрсетуші компаниялар мұрағатында сақталған жүздеген әкімшілік құжат­тың арасынан табылды.

Құпия активтер журналистердің тергеуі нәти­жесінде жария болды. Құжаттар Varies деп аталатын қордың 2003 жылы Панамада құрыл­ғанын көрсетеді, ол Кенятта мырзаның 88 жастағы анасы Нгинаның атына тіркелген. Анасы қайтыс бол­ғаннан кейін ел көшбасшысына мұраға қалып­ты. Қордың мақсаты мен оның активтерінің құны белгісіз.

Жалпы, Панама қорлары үлкен сұранысқа ие, өйткені активтердің шынайы иелері тек олардың қор­ғаушыларына ғана белгілі және олардың есімдерін Панама үкіметінде тіркеудің қажеті жоқ.

Кенятта әулетінің меншікті капиталының нақты көлемі анықталмады. Дегенмен Кениядағы көлік, сақтандыру, қонақүйлер, ауыл шаруашылығы, жер иелену және медиа индустриясының біразы оған тиесілі екені болжанып отыр.