Аймақтар • 05 Қазан, 2021

Ақтау әуежайында жаңа терминал салынады

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын таныстырды, деп жазады Egemen.kz

Ақтау әуежайында жаңа терминал салынады

Әсет Ерғалиевтің айтуынша, өңірдің туристік әлеуетін дамыту бойынша Жылы жағажай ауданында туристік кешен мен сауда қатарлары, келушілерге арналған орталығы бар этноауыл, 9 қонақүй, демалыс аймақтары, сауықтыру кешендері, Ақтау қаласының әуежайында жаңа терминал салынады. Сонымен қатар қорық портындағы Сағатов функционалды теңіз терминалын жаңғырту жоспарланған.

«Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы - 2025», «Қарапайым заттар экономикасы» және «Еңбек» бағдарламаларының құралы белсенді қолданылады. Сондай-ақ, Ақтау қаласы мен Мұнайлы қаласында екі көтерме тарату орталығы салынады. Өнеркәсіптік кешен саласында 25 инвестициялық жоба іске асырылады. Сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешен субьектілеріне кердит беру және ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен техникалық жабдық сатып алуға лизинг рәсімдеу кезінде сыйақы мөлшерлемелері субсидияланады», деді Ұлттық экономика министрі.