Аймақтар • 05 Қазан, 2021

Маңғыстауда 4 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Маңғыстауда 4 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің айтуынша, 4 млн шаршы метр тұрғын үй, 220 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй салу жұмысы жалғасады.

«Бұл шамамен 33 мың адамды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», деді Ұлттық экономика министрі.

Сонымен қатар, өңір тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жалпы қуаттылығы тәулігіне 260 000 м3 болатын 9 тұщыландыру зауыты салынады.