Елорда • 05 Қазан, 2021

Елордада автобустар қозғалыс кестесінен кешігіп жатыр

55 рет көрсетілді

CTS компаниясының хабарлауынша, қоғамдық көліктердің қозғалыс кестесінен жаңылуына ауа райы әсер еткен, деп жазады Egemen.kz.

«Ауа райының қолайсыздығына (қар, тайғақ) байланысты көлік ағынының және қоғамдық көліктердің қозғалыс жылдамдығы төмендеді. Бағдар автобустарының қозғалыс уақытынан кешігуі орын алуда. Қоғамдық көліктерге арналған жолақтар жоқ учаскелерде жүктеме жоғары болғандықтан, автобустардың қозғалыс жиілігі айтарлықтай бұзылып отыр. Жолдарда жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. Оның ішінде қоғамдық көліктер де бар.

Барлық жүргізушіден жолда барынша сақтық танытуға, қауіпсіз арақашықтықты сақтауға, жылдамдық режимін төмендетуге, шұғыл тежегіш баспауға шақырамыз», деп хабарлады CTS компаниясының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, елордада қалың қар жауып, бір тәулік ішінде 96 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

 

Соңғы жаңалықтар

Алматыда троллейбус өртенді

Оқиға • 24 Маусым, 2022

ТүркПА-ның атауы өзгереді

Парламент • 24 Маусым, 2022

Ұқсас жаңалықтар