Экология • 05 Қазан, 2021

Күріш пен мақта дақылдарының алқабын біртіндеп қысқарту тапсырылды

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында халықты сумен қамтамасыз етуге қатысты бірқатар тапсырма берді, деп жазады Egemen.kz.

Күріш пен мақта дақылдарының алқабын біртіндеп қысқарту тапсырылды

«Бірінші. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне 9 ірі су қоймасының құрылысы мен 120 каналды қайта жаңарту, сондай-ақ оларды цифрландыру бойынша Жол картасын әзірлеу қажет», деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктеріне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, бір ай ішінде суармалы жерлерде 2025 жылға дейін су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша аймақтық жол картасын әзірлеу және жайылымдардағы қолданыстағы гидротехникалық құрылыстарды, ұңғымаларды жаңарту тапсырылды. 

«Үшінші. Ауыл шаруашылығы министрлігі Алматы, Түркістан және Қызылорда облыстарының әкімдіктерімен бірге ылғалды жақсы көретін дақылдардың (күріш пен мақтаның) егістік алқабын біртіндеп қысқарту мәселесін пысықтауды тапсырамын», деп қорытындылады Премьер-Министр.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50