Үкімет отырысында инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген субаймақтың толтырылуына байланысты №2 және №4 субаймақтың құрылысы ұсынылатыны атап өтілді.
Қазіргі уақытта «Ақтау теңіз порты» АЭА жеке орналасқан 9 субзонадан тұрады, оның ішінде 5 субзона инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.
«Бұл мақсаттарға кешенді жоспарға сәйкес, 2023-2025 жылдар аралығындағы құрылыс мерзімдерімен 9,6 млрд теңге көлемінде шығындар қолдау табуда», деді Бейбіт Атамқұлов.
Ведомствоның мәліметінше, аталған субаймақтар жалпы инвестиция көлемі 327 млрд теңге және 1200 жұмыс орнын құрумен АЭА қатысушыларының жобалары есебінен игерілетін болады.
«Жобаларды іске асыру өңір экономикасын әртараптандыру, қосымша жұмыс орындарын құру, бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайту арқылы мультипликативті әсер етеді», - деп толықтырды министр.