Қоғам • 05 Қазан, 2021

Қазақстанда адам саудасы азаймай тұр

985 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда жыл басынан бері адам саудасына қатысты 200 қылмыстық іс тіркелді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда адам саудасы азаймай тұр

ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділовтің айтуынша, қазірдің өзінде 78 іс сотқа жіберіліп қалғаны тергеуде. Одан бөлек 26 адам сотталып, үкім шығарылған.

«Бұл қылмыстар үшін Қылмыстық кодекстің сегіз бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған. 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу көзделеді», деді департамент басшысы ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, адам саудасының шетелдік құрбандары сот шешімі шыққанға дейін елде болады. 

«Сонымен қатар бұл адамдар әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Бұл еңбекке немесе жыныстық қанауға ұшыраған мигранттар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді», деп қосты спикер.