Әлем • 05 Қазан, 2021

Өзбекстан радикал топтарға бақылауды күшейтті

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанның құқық қорғау органдары қыркүйекте радикалды діни топтарға қарсы рейд жүргізді, деп жазады Egemen.kz.

Өзбекстан радикал топтарға бақылауды күшейтті

Дереккөз мәліметінше Орталық Азия жаңалықтар қызметінң жазуынша, Сұрхандария облысының Ауғанстанмен шекаралас аудандарына бақылау күшейген.

Өзбекстан ІІМ мәліметінше, соңғы айда «Хизб ут-Тахрир» ұйымының мүшесі деген күдікпен 200-ге жуық адам ұсталған.

Олардың 100-ге жақыны әртүрлі мерзімге қылмыстық жазаға тартылса, қалғанына әкімшілік жаза берген.

«Қазір түрлі радикал топтар күшейіп жатқаны туралы ақпарат келеді. Олардың бәрі онсызда бақылауда. «Қауіпсіз аймақ» бойынша нақты мекенжайларға рейд жүргізгенде дәлелді айғақ тапқандарды ұстадық», деді ІІМ тергеушісі.

Оның сөзінше, соңғы жылдары мұндей рейд жүргізілмеген.