Аймақтар • 06 Қазан, 2021

Алматыда алғашқы қар жауды

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6 қазанда Алматыда алғашқы қар жауды. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде ерекше суреттермен бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда алғашқы қар жауды

Қазгидромет синоптиктерінің мәліметінше, бүгін Алматыда күн бұлтты, күндіз ауа температурасы минус 1 градус болады. Түнде минус 3 градусқа дейін төмендейді.

Алматы ТЖД машиналарды ағаштар мен электр жеткізу желілерінің астына қоймауды ұсынады. Мұндай ескертуді құтқарушылар синоптиктердің 5 қазандағы қар жаууы мүмкін деген болжамына байланысты жіберді.

Қала тұрғындары қыстың ерте келгеніне таң қалды. Әлеуметтік желілерде Алматыда алғашқы қар әдетте қараша айының басында жауатыны туралы түрлі пікірлер жазылып жатыр.