50 жастағы спортшы старт алдында барлық медициналық тексерулерден өтіп, бірінші кезеңнен кейін денсаулығына шағымданбаған.
«Жарыс кезінде оның жүрегі ауыра бастаған. Бірден көмекке келген екі дәрігер жүгірушінің өмірін 45 минут бойы құтқаруға тырысып бақты. Соған қарамастан ол көз жұмды», делінген әлемдік БАҚ-тағы хабарламада.
Айта кетейік, Marathon des Sables - шамамен 250 км қашықтықтағы алты күндік супермарафон.