Нұр-Сұлтан қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының ХІХ отырысы өтті. Онда қатысушылар кезекті Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезіне дайындық мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.

Отырысты ашқан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі халықаралық күн тәртібіндегі бірегей бастама және жаһандық дінаралық диалогтың нағыз тиімді тетігі екенін атап өтті.
Сондай-ақ Съезд Хатшылығының Басшысы Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында бейбітшілік пен жалпыұлттық диалогтың өзіндік моделін қалыптастыра алғанына назар аударды. Ол «бірлік әралуандықта» қағидатына, елдің болашағы үшін ортақ жауапкершілікке және этносы мен дініне қарамастан азаматтардың құқығын құрметтеу мен қамтамасыз етуге негізделген.
«Биыл біз Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз. Осы кезеңде бейбітшіліктің, жалпыұлттық бірлік пен конфессияаралық диалогтың өзіндік моделін қалыптастыра алдық. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған бұл бағдар өзінің тиімділігі мен өміршеңдігін дәлелдеп үлгерді. Қазіргі таңда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету саясаты жалғасып келеді. Біз Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі мен Хатшылық отырысын абырой-бедел жинау үшін өткізбейміз. Бұл – қазақстандық даму жолының біртұтас ажырамас бөлігі», деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар Сенат Спикері биылғы Хатшылық отырысы күрделі жағдайда өтіп жатқанын айтып, оған коронавирус пандемиясы мен соңғы жылдарда әлемде басқа да жаһандық проблемалардың ушыға түсуі себеп екенін тілге тиек етті. Олардың қатарында геосаяси және геоэкономикалық факторлар мен жаһандық қауіпсіздік жүйесінің бұзылуы салдарынан туындаған халықаралық шиеленістің күшеюі, қару-жарақ жарысының үдеуі және жаһандық экологиялық күн тәртібіндегі түйткілдер бар.
«Осындай жағдайда рухани көшбасшылардың басты міндеті құндылықтардың дұрыс жүйесін қалыптастыру және адамдарды бейбітшілік, адамгершілік, қоғамдық келісім, өзара қолдау сияқты идеялар аясына топтастыру болуы керек екені сөзсіз. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің негізгі мақсаты да – осы. Сондықтан баршаңызға біздің Форумға қатысып, белсенді қолдау көрсеткеніңіз үшін шынайы алғыс білдіреміз», деді Съезд Хатшылығының Басшысы.
Съезд Хатшылығының отырысына 20 елден келген әлемдік діндер мен конфессиялардың және халықаралық ұйымдардың өкілі қатысты. Дін лидерлері Қазақстан өз ішінде ғана емес, халықаралық деңгейде де дінаралық және конфессияаралық диалог орнатуға баса мән беріп, осы бағытта маңызды жұмыс атқарып келе жатқанын айрықша атап өтті.
Нақты айтқанда, БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жоғары өкілі Мигель Анхель Моратинос тұрақты және қауіпсіз әлем құру үшін діннің қоғамдағы рөлін және халықаралық деңгейдегі өзара іс-қимылды талқылау тұрғысынан Съездің маңызы зор екенін жеткізді.
«Бұл бірегей алаң саясаткерлер, дін лидерлері, халықаралық және өңірлік ұйымдар және барлық мүдделі тарапқа әлемдегі дінаралық диалог пен тұрақты дамуға қатысты проблемаларды бірлесіп талқылауға жақсы мүмкіндік береді. Сондықтан БҰҰ Өркениеттер Альянсы алдағы VII Съезд жұмысына белсенді қатысады», деді Мигель Анхель Моратинос.
Хатшылық отырысының қорытындысы бойынша Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі өтетін орын мен мерзім белгілі болды. Ол 2022 жылғы 14-15 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Аталған Форумда пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың әлеуметтік-рухани дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің рөлі кеңінен талқыланбақ.
«Отырыс соңында Мәулен Әшімбаев бүгінгі кездесу түрлі мәдениеттер мен дін өкілдерінің ынтымақтастықта және бейбітшілікте өмір сүруге деген ортақ ұмтылысын кезекті рет паш еткенін атап өтті. Сондай-ақ Хатшылық Басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің дәстүрге айналған осы ұмтылысы Форумның әрі қарай да табысты жұмыс істеуіне негіз боларына сенім білдірді», деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Бүгін, 19:51
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Бүгін, 19:37
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 19:20
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Бүгін, 19:08
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Бүгін, 18:53
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 18:30
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 18:12
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 17:59
СҚО-да заңсыз жалға берілген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 17:43
Алматы тұрғындарының саны өсті
Қоғам • Бүгін, 17:33
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:19
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Бүгін, 17:06
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Бүгін, 16:55
«АМANAT» партиясы жанынан Энергетика комитеті құрылды
Қоғам • Бүгін, 16:24
Әлем • Бүгін, 16:06
Қазақстанда тұрмыстық техника 18 пайызға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:55
Қаржы • Бүгін, 15:47
«Самұрық-Қазына» «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясын IPO-ға шығатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 15:37
Жолаушылар пойызы мен жүк көлігі соқтығысып, 3 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:25
Кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топтың мүшесі ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 15:17
«Бәйтерек» кешенінің құрылысы кейінге шегерілді
Қоғам • Бүгін, 15:08
Шекара қызметінің офицерлік құрамы 200 лейтенантпен толықты
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Елордада қала күні қалай тойланады
Елорда • Бүгін, 14:50
Тарбағатай тұрғынынан 700 келіден астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Биыл 7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасқан
Қоғам • Бүгін, 14:35
Өскеменде танысының 2 млн теңгесін жымқырған алаяқ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 14:23
Іле Алатауының сел жүру қаупі бар аймақтарына бөгет салынады
Аймақтар • Бүгін, 14:06
Қаржы пирамидаларын басқарғандарға жаза күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 13:50
Алматыда жаңа туған сәбилерді сайт арқылы саудалаған
Қоғам • Бүгін, 13:37
Ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға қатысты заң қабылданды
Қазақстан • Бүгін, 13:25
Сенат төрағасы сессия жұмысын қорытындылады
Үкімет • Бүгін, 13:13
Қарағандыда халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды
Оқиға • Бүгін, 13:00
Өскеменде балалардың үстіне аялдама құлады
Аймақтар • Бүгін, 12:40
Ресми хабар таратудың жаңа форматына көшу керек – Смайылов
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Шавкат Рахманов UFC рейтингінде үздік ондыққа кірді
Спорт • Бүгін, 12:28
ШҚО-да көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 12:19
Үкімет зейнет жасын төмендету мәселесін талқылаған жоқ – Вице-Премьер
Қоғам • Бүгін, 12:10
Көкшетауда полиция облыстық соттың ғимаратын қоршауға алды
Аймақтар • Бүгін, 12:02
Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді
Қоғам • Бүгін, 12:01
Ұқсас жаңалықтар