Коронавирус • 06 Қазан, 2021

Pfizer-дің соңғы партиясы қашан жеткізіледі?

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасын жеткізу туралы соңғы келісімшартқа қол қойылғанын айтты. 2021 жылдың төртінші тоқсанында препарат Қазақстанға әкелінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Pfizer-дің соңғы партиясы қашан жеткізіледі?

«Біз соңғы келісімшартқа қол қойдық. Компанияда белгілі бір рәсім бар, бірнеше құжаттар бар. Шамамен 4 млн доза жеткізу жоспарлануда. Жеткізу күтілуде. Алдағы уақытта төртінші тоқсанда алатын боламыз деп ойлаймын», деді Денсаулық сақтау министрі ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, қазір Қазақстанда арнайы тоңазытқыш жабдығы дайындалуда, өйткені Pfizer-ді минус 80 градус температурада сақтау қажет.

«Қазір бізге тоңазытқыш жабдықтары жеткізілуде. Олар қажетті режимге сәйкес келеді. Барлық жағдай жасалатын болады. Вакцинация пункттерінің өздері ұйымдастырылған, принцип ұқсас. Жалғыз нәрсе - сақтау режиміндегі айырмашылық. Мұнда қосымша жабдықтар барлық өңірлерде орнатылады», деді Алексей Цой.

Еске сала кетсек, Қазақстанда Pfizer вакцинасымен балалар мен жүкті әйелдерді вакцинациялау жоспарлануда.