Тағайындау • 06 Қазан, 2021

Халықаралық Түркі академиясының вице-президенті тағайындалды

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық Түркі академиясының құрылтайшы құжаттарына сәйкес және Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия елдерінің Білім және ғылым министрлерінің келісімімен Фузули Мажиджли Халықаралық Түркі академиясының  вице-президенті лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Түркі академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық Түркі академиясының вице-президенті тағайындалды

Фузули Мажиджли 1982 жылы 15 қыркүйекте Әзербайжанда дүниеге келген. Әзербайжан Ұлттық Ғылым Академиясының Философия және құқық институтының «Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат» мамандығы бойынша докторантурасын тәмамдаған.  Саясаттану ғылымдарының докторы.

2016 жылдан бастап Халықаралық Түрік академиясында сарапшы және бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды.