Өнер • 06 Қазан, 2021

«Күміс домбыра» иегері анықталды

1167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жас ақындар арасында алғаш рет республикалық «Күміс домбыра» айтысы өтті, деп жазады Egemen.kz.

«Күміс домбыра» иегері анықталды

Айтысқа 14-29 жас аралығында 30 айтыскер ақын қатысуға ниет білдіріп, іріктеу нәтижесі бойынша 16 ақын бақ сынады. Қатысушыларға белгілі айтыскер ақындар мен елімізге танымал қоғам белсенділері баға беріп, қазылық етті.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов жеңімпаздарды құттықтап, бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Ә

Айтыс нәтижесі бойынша Ақмола облысының өкілі Нұрмахан Жақыпбек бас жүлде – «Күміс домбыра» иегері атанды. 16 ақынның ішінен оза шапқан жеңімпаз күмістен жасалған домбыра және бағалы сыйлыққа ие болды.

Ә

Айшолпан Төлеутай (Шығыс Қазақстан облысы) 1-орынға ие болса, Бексұлтан Орынбасаров  (Қызылорда облысы) 2-орын, Мейіржан Жақып (Түркістан облысы) пен Нұрғали Әнапия  (Шымкент қаласы) 3-орынды жеңіп алды.

2

Сонымен қатар, «Майлықожа Сұлтанқожаұлы» атындағы арнайы жүлде Бекжан Базарбекке (Алматы қаласы), «Әселхан Қалыбекова» атындағы  арнайы жүлде Айым Асылбекқызына (Нұр-Сұлтан қаласы) бұйырды.

Ә

Барлық жеңімпаздарға арнайы бағалы сыйлық табыс етілді.

«Шараның мақсаты – Тәуелсіздіктің 30 жылдығында жеткен жетістіктерді насихаттау, жас ақындардың ішкі мүмкіндігін ашып, шабытына қанат бітіру. Айтыскерлер арасынан жаңа есімдер тауып, дарынды жастарды қолдау», деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ә