Қазақстан • 06 Қазан, 2021

Алматыда азаматтық форум өтті

343 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР АҚДМ қолдауымен «Үздік болашақты құру: пандемиядан кейін тұрақты қалпына келтіруге қатысу» тақырыбында «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» Азаматтық форумы өтті, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда азаматтық форум өтті

Шараға 70-тен астам адам, 30-ға жуық Қазақстан өкілі, соның ішінде ҮЕҰ көшбасшылары қатысты. Шақырылғандардың ішінде ЕО адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілі Эймон Гилмор, ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Терхи Хакала, ҚР Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова және шет мемлекет өкілдері бар.

ҚР Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Е.Қазыхан азаматтық қоғам, адам құқықтарын қорғау, халықаралық ынтымақтастықты дамыту саласында еуропалық тараппен өзара іс-қимылдың түрлі жолын қарастыруға дайын болу бөлігінде реформа жүргізу туралы атап өтті. Сонымен қатар өңірлік ынтымақтастық Қазақстанның басты назарында екені айтылды.

Ә

«Форум коронавирустың жаһандық жағымсыз салдарымен күрес және азаматтық секторды қоса алғанда, барлық мүдделі тараптың күш-жігерін біріктіру аясында ерекше өзектілікке ие болды.

Қазақстанда іс-шараны өткізудің маңыздылығы азаматтық қоғамды дамыту және адам құқықтарын қорғау саласында белсенді жұмыс жүргізуге негізделген», деп жазады АҚДМ баспасөз қызметі.

Шараның күн тәртібі Қазақстанның саяси дамуының 30 жылдық жетістіктерін атап өтуге, Орталық Азиядағы ынтымақтастыққа деген көзқарасты және Ауғанстандағы құбылмалы жағдайды анықтауға мүмкіндік берді.

Үш тақырыптық сессия әлеуметтік интеграция арқылы тұрақтылықты арттыру, жасыл өркендеу – әйелдер мен жастардың әл-ауқатын арттыру және өңірлік ынтымақтастық-экологиялық проблемаларды бірлесіп шешу мәселелеріне арналды.

Бұл Орталық Азия аренасындағы үшінші форум. Өткен жылы шара эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн форматта өтті.

Ұйымдастырушылар форумның өміршеңдігіне үлкен үміт артады.

Ә

ЕО-ның Орталық Азия бойынша стратегиясына сәйкес, азаматтық қоғам тұрақтылық пен өркендеуді нығайтуда, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықты ілгерілетуде маңызды рөл атқаруға тиіс.