Елордада халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халқымыздың күміс көмей әншісі Бибігүл Төлегенованың шығармашылығына 70 жыл толуына орай XI халықаралық вокалшылар байқауы басталды.

Мазмұнды іс-шараның ашылуына Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысып, 2004 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан өнер бәйгесі еліміздің мәдени өмірінде айтулы оқиғаға айналғанын атап өтті.
− Бұл халықаралық байқаудың өмірге келуіне өнер қайраткері, ерекше дарын иесі Бибігүл Ахметқызының еңбегі орасан зор. Жыл санап конкурстың аясы кеңейіп келеді. Мәселен, биыл байқауға елімізбен қатар Ресей, Өзбекстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан сынды елдерден келген 70-ке жуық вокалшы қатысады. Осыған дейін байқауда топ жарған жеңімпаздар әлемнің үлкен сахналарында өнер көрсетіп, музыкасүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді, − деді министр.
Жан-жақтан жиылған талантты вокалшылардың өнерін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұйымы мен «Астана Опера» халықаралық опера академиясының көркемдік жетекшісі Тимур Урманчеев, Мәдениет және өнер саласындағы Литва ұлттық сыйлығының лауреаты, Литва музыкалық-театр академиясының профессоры Ирена Милькявичюте, Форо Бонапарттағы Музыкалық академияның профессоры, Г.Доницетти атындағы академияның камералық ән айту бөлімінің меңгерушісі Александр Гусев, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Санкт-Петербург консерваториясының профессоры Тамара Новиченко, Прага мемлекеттік операсының солисі Дамир Басыров, Өзбекстан Республикасының халық әртісі, халықаралық конкурстардың лауреаты Рамиз Усманов секілді танымал тұлғалар бағалайды.
Елордада 14 автобустың қозғалыс бағыты өзгерді
Елорда • Бүгін, 09:34
Қазақстанның басым бөлігінде күн ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 09:25
15 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:16
Анна Данилина АҚШ-та чемпион атанды
Теннис • Бүгін, 09:09
Коронавирустың тәуліктік көрсеткіші төмендеді
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Аймақтар • Бүгін, 08:43
Футбол • Бүгін, 08:40
Теннис • Бүгін, 08:39
Хоккей • Бүгін, 08:37
Ерекше балаларға қамқор орталық
Қоғам • Бүгін, 08:35
Спорт • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Өнер • Бүгін, 08:28
Қоғам • Бүгін, 08:25
Әкімдік мұқтаж балаларға мектеп формасын әпереді
Білім • Бүгін, 08:23
Материалдық көмек – 40 мың теңге
Қоғам • Бүгін, 08:22
Аймақтар • Бүгін, 08:20
Жол ақысына жаңа тариф енгізіледі
Қоғам • Бүгін, 08:18
Аймақтар • Бүгін, 08:15
Әлем • Бүгін, 08:13
Қазақстан • Бүгін, 08:10
Алма импортын шектей аламыз ба?
Экономика • Кеше
Мектепке дайындық отбасыларға оңайға соқпай тұр
Білім • Кеше
Қытай бастамасынан бас тартады
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Өңірлерге «идеологтер» қажет емес пе?
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Тас жолдағы трагедия азаймай тұр
Қоғам • Кеше
Мырзашөл-Шардара өңіріндегі ашаршылық
Тарих • Кеше
Өнер • Кеше
Бұрынғы қолжазба – бүгінгі қазына
Тарих • Кеше
Әдебиет • Кеше
Арқаның арқары да ауып кеткен...
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Су тапшылығы қолдан жасалған жоқ па?
Аймақтар • Кеше
Балауыздан құйылған Абылай хан бейнесі
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Ұқсас жаңалықтар