Аймақтар • 07 Қазан, 2021

Қарқаралыда гемодиализ орталығы ашылды

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарқаралыда медициналық көмек көрсету аясы кеңейді. Мұнда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бойынша ашылған гемодиализ орталығы жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарқаралыда гемодиализ орталығы ашылды

Енді созылмалы бүйрек ауруы бар науқастарға облыс орталығына немесе басқа қалаларға барудың қажеті жоқ. Орталық заманауи жабдықтармен жабдықталған. Оның қуаты күніне 10 адамға дейін қабылдауға мүмкіндік береді. Ал ауданда гемодиализге мұқтаж бүйрек ауруы бар бес пациент есепте тұр.

«Күйеуім бірнеше жылдан бері ауырып келеді, өткен жылдан бастап оған гемодиализды тұрақты алу керектігі белгілі болды. Қарағандыға үнемі баруға тура келді. Бұл қалтамызды қағады. Қарқаралыда осындай орталықтың ашылуы – тұрақты емделуді қажет ететіндер үшін үлкен қуаныш», дейді қала тұрғыны Қаламқас Төлеуханова.