Қазақстан • 07 Қазан, 2021

Жыл басынан бері 20 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 772 кәсіпорнында 21,5 мың жұмыскердің алдында 4 млрд 880 млн теңгеден астам жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері 20 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 918 нұсқама беріліп, 105,1 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 20,1 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 4 млрд 718 млн. теңге төленді.