Әлем • 07 Қазан, 2021

«Талибан» бұрынғы мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сата бастады

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауғанстанда бұрынғы үкіметтің құрамында жұмыс істеген мемлекеттік қызметшілердің дүние-мүлкі сатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Талибан» бұрынғы мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сата бастады

Сатылымнан түскен қаражат осы елдің электр энергиясы үшін қарызын жабуға жұмсалмақ. Бірақ сарапшылардың айтуынша, бұл шара берешектің аз ғана бөлігін өтейді. Тәліптердің мәлімдеуінше, жиған-тергені талан-таражға түскен эксшенеуніктердің барлығы шетелге қашып кеткен.

Айта кетейік, Ауғанстанның электр жарығын тұтынғаны үшін Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Иран алдындағы қарызы 62 миллион долларға жеткен.

Сондай-ақ «Талибан» билік басына келгелі электр энергиясы үшін ақша жинақтау деңгейі 70 пайызға төмендеген. Энергетикалық компания берешектен құтылу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымынан көмек те сұраған.

 

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 10:20

Ілтипат пен ізет үлгісі

Қоғам • Бүгін, 09:55

Халық құрметтеген құтқарушылар

Құтқарушы • Бүгін, 09:35

Антына адал дәрігер

Қоғам • Бүгін, 09:30

Игі істің иесі

Қоғам • Бүгін, 09:25