Әлем • 07 Қазан, 2021

Шенеуніктер екпе салдыруға міндеттелді

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Канада билігі мемлекеттік қызметкерлердің барлығына 2 айдың ішінде коронавирусқа қарсы вакцина алуды міндеттеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шенеуніктер екпе салдыруға міндеттелді

Сонымен қатар ел ішінде пойыз және ұшақпен сапарлайтын азаматтарға да осындай талап қойылмақ.

Биліктің мәлімдеуінше, шара елдің Денсаулық сақтау саласына ауыртпалықты азайтып, экономиканы қалпына келтіруді жылдамдату үшін қолға алынған. Ал ресми дерекке қарағанда Канадада 300 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер бар.

Қазірге дейін халықтың 82 проценті толық вакциналанып, 88 пайызы екпенің бірінші дозасын салдырған.