Қазақстан • 07 Қазан, 2021

Елімізге 19 мыңнан астам шетелдік уақытша тұруға келген

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Баймұхамбет айтты, деп жазады Egemen.kz.

Елімізге 19 мыңнан астам шетелдік уақытша тұруға келген

«Елімізге 30 тәуліктен көп уақытқа келген шетелдіктерге уақытша тұруға рұқсат рәсімделеді. Жыл басынан бері мұндай 19 мыңнан астам рұқсат рәсімделді. Олардықабылдаушы тарап, яғни қонақ үйлер, жалға берілетін пәтерлер, оқу орындары, емделу мекемелері, жеке тұлғалар үш күннің ішінде өзге елдің азаматының келгені туралы көші-қон қызметіне хабар беруі тиіс. Бұл талап бұзылған жағдайда қабылдаушы тарап әкімшілік жауапкершілікке тартылады», деді ол.

Егер шетелдік елде рұқсат етілген мерзімнен 10 күнге астам уақытқа қалса, әкімшілік хаттама толтырылады. Ол бойынша 25 АЕК айыппұл төлейді немесе Қазақстан аумағынан шығарылады.