Қазақстан • 07 Қазан, 2021

Төлқұжат пен жеке куәлікті жылдам рәсімдеуге болады

877 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің бастығы Арман Баймұхамет жеке куәлік пен төлқұжатты қанша уақытта алуға болатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Төлқұжат пен жеке куәлікті жылдам рәсімдеуге болады

«Жеке басты куәландыратын құжаттарды тіркеу механизмі жетілдіріліп жатыр. Осы жылдың тоғыз айында 143 мың төлқұжат пен жеке куәлік берілді», деді Арман Баймұхамет.

Оның айтуынша, құжаттарды дайындау уақыты мүмкіндігінше қысқартылған: 20 жұмыс күні немесе жеделдетілге тапсырыс бойынша 1-3 жұмыс күні.

«Бұл ретте біз мемлекеттік корпорациямен бірлесе отырып, үйінен шыға алмайтын адамдар үшін 484 құжатты жеткізіп бердік», деп қосты Арман Баймұхамет.