Аймақтар • 08 Қазан, 2021

Өскеменде көпқабатты үйден өрт шықты

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өрт сөндірушілер қызыл жалыннан 12 адамды құтқарған, деп жазады Egemen.kz.

Өскеменде көпқабатты үйден өрт шықты

«Өрт 8 қазанда түнгі сағат 01.22-де Сәтбаев көшесіндегі бесқабатты тұрғын үйден шықты. Төртінші қабаттағы пәтерде жиһаз, терезе блогы мен линолеум жанды. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер 10 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарып, түтін тұмшалаған подъезден 12 тұрғынды эвакуациялады. Көп ұзамай жалпы ауданы 8 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды», деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.

Өрт шығуына - отты абайсыз қолдану себеп болуы мүмкін.