Бұл туралы Deutsche Welle агенттігі мәлім етті.
АҚШ Әділет министрлігінің мәліметінше, 2008 жылы америкалық журналистті ұрлады деп айыпталған Хаджи Наджибуллаға, 2008 жылы Ауғанстандағы америкалық әскерлерге жасалған шабуылдар, оның ішінде үш америкалық сарбаз мен олардың ауған аудармашысын өлтірді және америкалық тікұшақты жарып жіберді деген айып тағылды.
Айыптау 2007-2009 жылдар аралығында америкалық әскери қызметшілерге қарсы жасалған қылмыстарға қатысты қойылды. Бұрынғы қолбасшының 2008 жылы қарашада Ауғанстанның екі азаматымен бірге америкалық журналистің ұрлануына қатысы бар деген болжам бар.
«Ауғанстандағы қақтығыстың ең қауіпті кезеңдерінің бірінде Хаджи Наджибулла Ауғанстанның бір бөлігін қорқытып, америкалық күштерге шабуыл жасаған «Талибан» көтерілісшілерінің тобын басқарды», делінген прокурор Одри Страусстың мәлімдемесінде.
Наджибулла 2020 жылдың қазан айында тұтқындалып, Украинадан АҚШ-қа экстрадицияланды, қазір қамауда отыр.