Аймақтар • 08 Қазан, 2021

Алматыда зейнеткерді көлік қағып кетті

598 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алтын Орда базары маңында көлік қағып кеткен жаяу жүргіншіні оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда зейнеткерді көлік қағып кетті

Алматы қалалық полиция департаменті бұл жағдайдың 7 қазан күні, сағат 18.50 кезінде болғанын хабарлады.

«Volkswagen Passat» маркалы автокөліктің жүргізушісі Ташкент жолының бойымен шығыс бағытта келе жатып, Нұрлы көшесімен қиылыста жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ол жүріс бөлігін оңтүстік бағытта, белгіленбеген жермен өтіп бара жатқан.

«Жол көлік оқиғасы салдарынан алған жарақаттан 1944 жылғы азамат оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.