Футбол • 08 Қазан, 2021

Қазақстан құрамасының ойыншысынан коронавирус анықталды

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық құраманың негізгі қорғаушыларының бірі Александр Марочкин алдағы матчтарға қатыспайды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан құрамасының ойыншысынан коронавирус анықталды

Prosports хабарлауынша, Марочкиннің коронавирусқа қарсы тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен. Сол себепті ол, Қазақстан құрамасының 4 қазан күні басталған оқу-жаттығу жиынына келе алмаған.

Айта кетейік, құрама 9 қазанда Босния және Герцеговина, ал 12 қазанда Финляндия құрамасымен күш сынасады. Екі ойын да «Астана Арена» стадионында өтеді.