Тағайындау • 08 Қазан, 2021

Шортанды ауданына жаңа әкім тағайындалды

466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімімен Бауыржан Мәлғаждаров Шортанды ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шортанды ауданына жаңа әкім тағайындалды

«Бүгін Ақмола облысы әкімі Е.Б.Маржықпаевтың өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімімен мен Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімі лауазымына тағайындалдым.

Ауданның барлық бей-жай қарамайтын тұрғындарына жобаларды іске асыруға қолдау көрсеткені, командалық үйлесімді жұмысы және әлеуметтік жауапкершілігі үшін ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіз. Бірлескен күш-жігердің арқасында алдымызда тұрған міндеттерді шешу үшін көп іс тындырдық.

Әріптестеріме жанымда өткізген жемісті жұмыс ынтымақтастығы үшін жеке алғысымды білдіремін», деп жазды Бауыржан Мәлғаждаров желіде.