Әлем • 08 Қазан, 2021

Мәскеуде ауған мәселесі бойынша кездесу өтеді

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеу форматындағы Ауғанстан бойынша келесі кездесу 20 қазанда өтеді. Бұл туралы бейсенбіде журналистерге Ресей Федерациясы Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Замир Кабулов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Мәскеуде ауған мәселесі бойынша кездесу өтеді

Оның айтуынша, кездесуге Талибан қозғалысының өкілдері де шақырылады.

Арнайы өкіл сонымен қатар Ресей, АҚШ, Қытай мен Пәкістанның қатысуымен Ауғанстан бойынша «кеңейтілген үштіктің» отырысын өткізу жоспарын жариялады. 

Кабуловтың айтуынша, кездесу қазан айының соңына қарай өтеді.

Мәскеу форматындағы ауған мәселесі бойынша келіссөздер механизмі 2017 жылы Ресей, Ауғанстан, Қытай, Пәкістан, Иран мен Үндістанның қатысуымен құрылды. Кездесулер 2017 және 2018 жылдары Мәскеуде өткен болатын.