Тамыз айында коронавирусты тексерген 30 сынаманың нәтижесі қалада Eta коронавирусының жоқтығын көрсетті.
7 қазанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жандарбек Бекшин қалада қазір қандай штамдар тіркелгенін айтты.
«Біздің тұрақты сынамалар «нью-йорк» штамын бір үлгіде, «оңтүстік африка» штамын екі үлгіде көрсетті. Көктемде қаладағы коронавирустың үшінші толқынының 78 пайызы «британдық» штамнан туындады. Төртінші толқын – «дельта» штамының әсерінен болды. Қала тұрғындары зертханалық мәліметтер бойынша 88 пайыз және клиникалық мәліметтерге сәйкес 95 пайыз «дельта» штамын жұқтырған. Біз жаңа зерттеулер жүргізіп жатырмыз және аптаның соңына қарай нәтиже белгілі болады», деді Бекшин.