Әлем • 08 Қазан, 2021

Жағдай ушықса Ресей Тәжікстанға көмектесетінін мәлімдеді

598 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жағдай ушықса Ресей Тәжікстанға көмектесетінін мәлімдеді

«Ауғанстандағы және тәжік-ауған шекарасындағы жағдай біздің назарымызда. Мәскеу мен Душанбе қорғаныс ведомстволары, шекара қызметтері мен дипломатиялық миссиялар арасында байланыс орнатады. Біз барлық жедел қажеттіліктерді ескере отырып, Тәжікстанның, оның шекара қызметінің қорғаныс қабілетін нығайту саласындағы ынтымақтастықты жалғастырамыз», деді  Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова.

Ол 201-ші ресейлік әскери база «жағдай шиеленіскен жағдайда Тәжікстан Республикасының үкіметіне көмек көрсету үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталғанын» баса айтты.

Қыркүйек айының соңында Тәжікстан мен Ауғанстан арасындағы қарым -қатынас шиеленісе түсті.

23 қыркүйекте Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон БҰҰ Бас Ассамблеясының кезекті сессиясында Ауғанстан билігіне келген тәліптерді елде сайлау өткізуге және әртүрлі саяси қозғалыстар мен көзқарастардың өкілдерін қамтитын шын мәнінде инклюзивті үкімет құруға шақырды.

Тәліптер (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) Тәжікстан Республикасын Ауғанстанның ішкі істеріне араласады деп айыптап, қажет болса Тәжікстанды басып алуға дайын екендіктерін жариялаған болатын.