Оқиға • 08 Қазан, 2021

Алматыдағы атыс: ҰҚК Игорь Дужновқа қатысты жаңа деректер жариялады

1901 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылық атқыш Игорь Дужнов Қазақстан аумағынан 14 рет шыққан. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы атыс: ҰҚК Игорь Дужновқа қатысты жаңа деректер жариялады

Ведомствоның мәліметінше, Дужнов 2003 жылдан 2012 жылға дейін 6 елде болған. 

«Атап айтқанда, азамат Игорь Дужнов Таиландқа (2003, 2004, 2007 және 2008 жылдары), Ресейге (2004, 2006, 2007 және 2009 жылдары), Қытайға (2006, 2007 және 2012 жылдары), сонда-ақ Түркияға (2005 жылы) және Нидерландыға (2005 жылы) барды», деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар ҰҚК мәліметтері бойынша, ол 2008 жылдың қыркүйегінде Украинада да болған. Алайда қандай мақсатпен барғандығы көрсетілмеген.

Еске салайық, оқиға 20 қыркүйекте кешке болған, шамамен сағат 17.20 шамасында Ақбұлақ мөлтек ауданындағы үй иесінің бірі аңшы мылтығынан оқ атқан. Куәгерлердің айтуынша, атыс бір минут ішінде болған.

Алматылық атқыш бес адамды өлтірді. Қаза болғандар арасында екі полиция қызметкері, сот орындаушысы, сондай-ақ үйдің жаңа иесі мен куәгер бар.