ЭОның айтуынша, Алматыда 282 білім беру ордасында 303 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр.
Жаңа оқу жылында мектептер қатаң карантин шаралары бойынша оқушыларды қабылдауда. Дегенмен, оқушылар арасында коронавирусты жұқтыру жағдайлары кездесіп отыр.
«Сабақ басталмас бұрын оқушылар мектепте маска тағып, карантин шарасы қатаң болатыны ата-аналарға ескертілді. Сондай-ақ әр сыныпқа жеке бөлме берілді. Оның үстіне, бастауыш сыныптар бөлек есіктен кіретіндей етіп жасадық. Оқушылардың барлығы бұл шектеулерге бейімделіп, үйреніп қалды. Дегенмен, сабақ басталғалы 615 баланың вирус жұқтырғаны анықталды, олардың 314-і жазылып, сабаққа қайта оралды. 311 оқушы онлайн форматта оқып жатыр», деді ол.
Сондай-ақ ол оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігі алдыңғы орында екенін, сондықтан мектептегі шектеу шаралары сақталатынын жеткізді.